🍽️ «Санитария және тамақтану гигиенасы» курсы тағамдық санитария мен гигиенаның негізгі қағидаларын үйретеді және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
🏟️Пәні қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіпорындардың қаржылық және басқарушылық есебін жүргізу қағидаларын, бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеу, өнімнің өзіндік құнын есептеу, кірістер мен шығыстарды талдау, салық есептілігі мен қаржылық есеп беру тәртібін үйретеді. Пән студенттерге қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызметін тиімді басқару үшін қажетті есептік ақпаратты жинау, өңдеу және талдау дағдыларын қалыптастырады.
🔎Бұл пәннің мақсаты – тағам өнеркәсібінде жаңа өнімдерді жобалау мен шығарудың ғылыми негіздерін меңгерту. Студенттер шикізатты таңдау, рецептура құрастыру, технологиялық процестерді жоспарлау және тағам өнімдерінің сапасын бағалау әдістерімен танысады. Пән тағам қауіпсіздігі, тұтынушы талабы мен инновациялық шешімдер негізінде жаңа өнімдерді жасауға бағытталған.