Тақырыптар бөлімі

  • Онлайн курс

    ы

    Современные тенденции в пищевой биотехнологии

    🥫 ЖАОК сипаттамасы

    Азық-түлік өнімдерін өңдеу мен сақтаудың заманауи әдістерін қолдану, мысалы, жоғары қысымды, пульсирленген электр өрісін, ультрадыбыстық және т.б. Гендік инженерия саласындағы әзірлемелер және оларды сипаттамалары жақсартылған тағам өнімдерінің жаңа түрлерін жасау үшін қолдану. Асқорытуды жақсарту және тағамды байыту үшін пробиотиктер мен пребиотиктерді өндіру мен пайдалануды зерттеу.

    Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ инновациялық орау материалдарын жасау үшін нанотехнологияны қолдану. Деректерді талдаудағы, жаңа әдістерді жасаудағы және тамақ өнімдерін өндіруді оңтайландырудағы биоинформатиканың рөлі. Азық-түлік өндірісінде жаңа технологияларды қолданудың этикалық аспектілерін және онымен байланысты заңнамаларды қарастыру.

    🥫 Оқудың мақсаты: Биотехнология саласындағы ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі бағыты туралы жүйелік білімді қалыптастыру

    🥫 Оқудың міндеттері:

    Курс мынадай мәселелерді зерттейді:

    ХХ-XXI ғасырдағы биотехнологияның практикалық тұрғыда жүзеге асырылуын зерттеу

     биотехнологияның зерттеу бағыттарын игеру

    молекулалық биология саласындағы жаңа жетістіктерді зерттеу

    геномика және протеомика саласындағы қазіргі жетістіктерді зерттеу

    гендік инженерия саласындағы жетістіктерді зерттеу

    медицина саласындағы мерзімді жетістіктерді зерттеу

    🥫 Оқу нәтижелері:

    тамақ өнімдерін өндірудің заманауи технологиялары туралы білімін көрсетеді;

    тамақ биотехнологиясының соңғы әдістерін қолданады;

    азық-түлік өнімдерін әзірлеу және жетілдіру үшін қазіргі тенденциялар туралы білімін пайдаланады;

    жаңа технологияларды қолдану арқылы өндірілетін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын бағалау.

    🥫 Пререквизиттер. Осы ЖАОК - ты игеру үшін келесі курстарды оқып-үйрену кезінде алған білім, білік және дағдылар қажет: Ет және сүт өнімдерінің биотехнологиясы

    🥫 Постреквизиттер. Жоқ

    🥫 Академиялық кредиттердің саны/ЖАОК ұзақтығы – 5 кредит

    🥫 Курстың күрделілік деңгейі: жоғары


  • Қорытынды бақылау