Topic outline

  • Онлайн курс

    ы

    Современные достижения биотехнологии

    🥼ЖАОК сипаттамасы  - Дүние жүзінде биотехнологияның рөлі. Жаңа биотехнологиялық препараттар мен өнімдер нарығы. Биотехнология саласындағы жаңа жетістіктер. Биотехнологиядағы инновациялар: Технологияларды коммерцияландыру және беру процедурасы. Биотехнологияға жаңа ағзаларды құрудың жалпы принциптері. Молекулалық клондауға арналған рестриктаздар және басқа ферменттер.

    🥼Оқудың мақсаты: Биотехнология саласындағы ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі бағыты туралы жүйелік білімді қалыптастыру

    🥼Оқудың міндеттері:

    Студент клеткалық және гендік инженерия, молекулалық әдістермен   керекті  жаңа белгілері бар клеткалар мен организмдерді жасаудың жолы болып табылатын  қазіргі заман талабына сәйкес биотехнологиялық әдістерді білуге міндетті;

    - студент  жаңа белгілері бар клеткалар мен организмдерді алу үшін пайдаланудың биотехнологиянық теориялық және әдістемелік негіздерін, клеткалық селекцияны, клеткалық және гендік  инженерияны, гендерді сақтау әдістерін білуге міндетті;

    - зертханалық сабақтардың барысында студент қоректік орталарды дайындау, ламинар боксте жұмыс істеу, бастапқы өсімдік материалдарын залалсыздандыру, одан эксплантты бөліп алу, оларды қоректік орталарда өсіру тәсілдерін үйренуі қажет;

    - студент осы пәннен алған білімін дұрыс және еркін жеткізе алатын болу керек және өзінің мамандығына сәйкес дайындығын толықтыру үшін практикада пайдалана білуі керек.

    🥼Оқу нәтижелері:

    -биотехнологиядағы заманауи жетістіктерді атайды;

    -биотехнологияның әдістері, нысандары және мен мақсатты өнімдерін сипаттайды;

    -технологиялық бақылауды дамыту және соңғы өнімнің сапасын бағалаудың қазіргі тенденцияларын сипаттайды;

    -ғылыми әзірлемелер, өндірістік тұжырымдамалар және -теориялық аспектілері туралы пайымдайды;

    -биотехнологияда шешімдерді жобалауда пәнаралық тәсілдерді қолданады.

    🥼Пререквизиттер. Осы ЖАОК - ты игеру үшін келесі курстарды оқып-үйрену кезінде алған білім, білік және дағдылар қажет: Өндірістік биотехнология

    🥼Постреквизиттер. Жоқ

    🥼Академиялық кредиттердің саны – 5 кредит

    🥼Курстың күрделілік деңгейі: жоғары