Онлайн курс

Контроль качества хлебопекарных,макаронных и кондитерских производств
🍪Оқудың мақсаты: Нан-тоқаш, макарон және кондитерлік өндіріс салаларындағы техникалық-химиялық бақылау мен сапаны басқаруға қатысты теориялық және практикалық білімді меңгеру. Аталған салалардағы шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімдердің сапасын бағалау әдістерін игеру. Сапаны жалпы басқару (TQM) қағидаттарымен және ISO халықаралық стандарттарына негізделген сапаны басқару жүйелерімен танысу.
🍪Оқудың міндеттері:
-нан-тоқаш, макарон және кондитер өнімдерін шығаратын кәсіпорындардағы техникалық-химиялық бақылауды ұйымдастыру және оның атқаратын қызметтері.
-өндірістік-технологиялық зертханалардың міндеттері, функциялары және мақсаты.
-нан-тоқаш, макарон және кондитер өндірісіндегі шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімдердің сапасын бағалау мен сынау әдістері (стандарт талаптарына сәйкес).
-нан-тоқаш, макарон және кондитер өнімдерін өндіруде қолданылатын жабдықтардың оңтайлы әрі тиімді технологиялық жұмыс режимдерін енгізу.
-өндірістік процестер мен операциялардың технологиялық тиімділігін бағалау қағидаттары.
-заманауи химиялық, физикалық және биохимиялық талдау әдістеріне негізделген шикізат пен дайын өнім сапасын бақылаудың қазіргі заманғы әдістерін меңгеру.
-өнімнің белгіленген стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында технологиялық процестерді басқару әдістерін зерделеу.
-нарықтық ортада өнім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігіне қатысты мәселелерді шешу.
-сапаны жалпы басқару (TQM) қағидаттарын және ISO халықаралық стандарттарына сәйкес сапаны басқару жүйелерін қарастыру.
🍪Оқу нәтижелері:
-стандартты және сертификаттық сынақтар негізінде шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, дайын өнімнің сапасын технохимиялық бақылаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру бойынша білімін көрсету;
-наубайханаларда, макарон фабрикаларында және кондитерлік фабрикаларда қолданылатын жабдықтардың оңтайлы және тиімді жұмыс режимдерін орнату туралы білімі болуы;
-нормативтік талаптарға және нарық қажеттіліктеріне сәйкес шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің сапасын бақылауды жүзеге асыру дағдыларын меңгеру;
- нан пісіру, макарон және кондитерлік кәсіпорындарда технохимиялық бақылау жүргізу кезінде заманауи зертханалық жабдықтарды қолдана білу;
- наубайхана, макарон және кондитерлік кәсіпорындарда есепке алу және есеп құжаттамасын толтыру әдістерін және есепке алуды ұйымдастыру тәсілдерін меңгеру;
- стандарттар мен нарық талаптарына жауап беретін өнім шығару кезінде технологиялық процестерді басқару бойынша менеджмент әдістерін меңгерген.
🍪Пререквизиттер. Осы ЖАОК-ты игеру үшін «Нан-тоқаш өнімдерін өндіру технологиясы», «Макарон өнімдерін өндіру технологиясы» және «Кондитерлік өнімдерді өндіру технологиясы» сияқты пәндерді оқып- үйрену кезінде алған білім, біліктілік және дағдылар қажет.
🍪Постреквизиттер. ЖАОК-ты оқып-үйрену барысында алынған білім, қабілеттер мен дағдылар бітіру біліктілік жұмысын орындау үшін қажет.
🍪Академиялық кредиттердің саны/ЖАОК ұзақтығы: 5
🍪Курстың күрделілік деңгейі: бастауыш