Topic outline
Поверхностные явления и дисперсные системы

Поверхностные явления и дисперсные системы
Пәнді оқыту мақсаты: беттік құбылыстардың физика-химиясының теориялық негіздері мен дисперсті жүйелердің қасиеттері туралы білім қалыптастыру.
Пәнді оқыту міндеттері:
- студенттерді кәсіби қызметінде практикалық есептерді шешуде заттар мен дисперсті жүйелерде жүретін физикалық және химиялық процестерді талдаудың заманауи әдістерін қолдануға үйрету;
- дисперсті жүйелердің физика-химиялық процестері мен қасиеттерін салыстыру;
- химиялық білімді өз бетінше меңгеру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қабілеттерін дамыту.Пән бойынша оқыту нәтижелері:
- беттік құбылыстар химиясының теориялық негіздері және дисперсті жүйелердің қасиеттері туралы білімін көрсетеді;
- физика-химиялық процестер мен дисперсті жүйелердің қасиеттерін сипаттауда беттік құбылыстар термодинамикасының заңдылықтарын қолданады;
- дисперсті жүйелердің (шынайы, коллоидты және ірі дисперсті) физика-химиялық процестері мен қасиеттерін салыстырады;
- коллоидты-дисперсті жүйелердің молекулалық-кинетикалық, оптикалық, электрокинетикалық және құрылымдық-механикалық қасиеттерін түсіндіреді;
- тұрақты дисперсті жүйелерді алу үшін кинетикалық және агрегативтік тұрақтылық факторларын қолданады.Пререквизиттер: физикалық химия
Постреквизиттер: ғылыми зерттеулердің негіздері