Topic outline

  • Онлайн курс

    аива

    Технология продуктов специального назначения

    Тамақтанудың альтернативті теориясы. Тамақтану және алиментарлық аурулар. Халықтың әртүрлі топтарының тамақтануы. Диеталық, профилактикалық және емдік тамақтану.  Химиялық, механикалық щаждауды қамтамасыз ететін технологиялық тәсілдер.  Арнайы мақсаттағы өнімдердің технологиясы. Әртүрлі диеталар рациондарының тағамдық және энергетикалық құндылығы (№ 1, 2, 5, 7, 9, 10, 11, 15). IT диетология: генетикалық ақпаратты, көңіл-күйді, таңдаулы талғамдарды, энергия қажеттіліктерін, дене салмағының индексін және басқа факторларды талдау негізінде белгілі бір пайдаланушының сұранысы бойынша мәзірді таңдау бойынша виртуалды кеңесшілер құру.

    🍽️Оқу мақсаты: Әртүрлі тамақтану теорияларының білімін қалыптастыру және халықтың әртүрлі топтарына арналған Арнайы мақсаттағы тағамдарды дайындау бойынша практикалық дағдыларды меңгеру.

    🍽️Оқу міндеттері:

    – тамақтану үшін арнайы мақсаттағы өнімдердің рөлін, арнайы мақсаттағы өнімдер өндірісінің теориялық, практикалық негіздерін зерттеу;

    – арнайы мақсаттағы өнімдерді өндіру үшін өсімдік және жануарлардан алынатын шикізаттың құрамы құрылымы мен қасиетін анықтау;

    – халықтың әртүрлі топтарының тамақтануының негізгі теориясын зерттеу;

    – диеталық тамақтану үшін тамақ өнімдерін өндіруде шикізатты өңдеуді зерттеу;

    – генетикалық ақпаратты талдау негізінде белгілі бір пайдаланушының сұранысы үшін мәзірді таңдау;

    – әртүрлі аурулармен ауыратын адамдарға арналған мәзір әзірлеу.

    🍽️Оқыту нәтижелері:

    – арнайы мақсаттағы өнімдер технологиясының ерекшеліктерін сипаттайды (профилактикалық, альтернативті, емдік, балалар тағамы, арнайы мақсаттағы тағамдар);

    – емдік диеталар мен тамақтану режимін жасауға қойылатын ғылыми талаптарды сипаттайды;

    – профилактикалық, емдік, балалар тағамы үшін ас мәзірін әзірлейді;

    – химиялық, механикалық щаждауды қамтамасыз ететін технологиялық тәсілдерді жүргізеді;

    – арнайы мақсаттағы тағамдарды өндіреді;

    – тағамдардың сапасына органолептикалық бағалауды жүргізеді.

    – тұтынушыларға генетикалық ақпаратты, көңіл-күйді, таңдаулы талғамдарды, энергия қажеттіліктерін, дене салмағының индексін талдау негізінде белгілі бір пайдаланушының сұранысы бойынша мәзірді таңдау бойынша кеңес береді

    🍽️Пререквизиттер - Тамақ өндірістерінің жалпы технологиясы

    🍽️Постреквизиттер - жоқ

    🍽️Еңбек сыйымдылығы, академиялық кредиттер -5

    🍽️Курстың қиындық деңгейі: орта

  • Модуль 1

  • Модуль 2

  • Модуль 3