Тақырыптар бөлімі

  • Цифрлық білім беру ресурсы

    зхщ

    Жаңа тамақ өнімдерін жасау

    🔍Оқу пәнінің сипаттамасы Тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары сүт өнімдерін жобалау саласында тәжірибелік зерттеулер жүргізу. Функционалды өнімдер технологиясы, органикалық тағам өнімдерін өндіру. Ақпараттық технологияларды есептеу және қолдану арқылы жаңа сүт өнімдерінің тұжырымын оңтайландыру. Денсаулық пен ұзақ өмір сүру тұрғысынан жинақталған әсерді қамтамасыз ететін пайдалы заттармен байытылған өнімдерді әзірлеу. Сүт өнімдерінің құрамын оңтайландыру және дәмдік сапасын жоғалтпай зиянды ингредиенттерді пайдалы заттармен алмастыру

    🔍Пәнді оқу мақсаты: пайдалы заттармен байытылған жаңа тамақ өнімдерін әзірлеу дағдыларын дамыту

    🔍Пән бойынша оқыту нәтижелері:

    • тамақ өнімдерінің технологиясы саласындағы қазіргі ғылыми тенденциялар туралы білімін көрсетеді;
    • зерттеу бағытын таңдауды негіздейді;
    • жоғары тағамдық және биологиялық құндылығы бар сүт өнімдерінің құрамын жобалау бойынша зерттеулер жүргізеді;
    • жаңа тамақ өнімдерінің технологиясын әзірлеу әдістемесін қолданады ;
    • ақпараттық технологияларды есептеу және қолдану арқылы жаңа тамақ өнімдерінің рецептураларын оңтайландырады;
    • тамақ өнімінің дәмін жоғалтпай, зиянды ингредиенттерді сау заттармен ауыстыруға кеңес береді.

    🔍Пәнді оқу міндеттері:

    • тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары тамақ өнімдерін әзірлеу саласында эксперименттік зерттеулер жүргізу;
    • арнайы өнімдер технологияларын құрастыру (балалар, геродиетикалық, емдік, спортшылар үшін және т.б.);
    • экологиялық таза азық-түлік өндіру;
    • ақпараттық технологияларды есептеу және қолдану арқылы жаңа тамақ өнімдерінің рецептурасын оңтайландыру.

    🔍Пререквизиттер: ғылыми зерттеу әдістері мен ұйымдастыру

    🔍Постреквизиттер: -

    🔍Еңбек сыйымдылығы, академиялық кредиттер:
     5

    🔍Курс деңгейі: орташа