Цифрлық білім беру ресурсы

Қазақстан тарихы
🏛️ Пәнді оқыту мақсаты: білім алушыларды Қазақстан тарихы туралы объективті ұсыныммен қамтамасыз ету. Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі негізгі даму кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру.
🏛️ Пәнді оқыту міндеттері:
- Ұлы дала аумағында көшпелі өркениет пен мемлекеттіліктің қалыптасу ерекшеліктерін ашу (б.з.д. III ғасыр – б. з. II ғасыр);
- XIII-XV ғғ. Орталық Азиядағы түркітілдес халықтардың этномәдени интеграциясының кезеңдерін, Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарын талдау;
- Қазақстанның жаңа дәуір кезеңдегі тарихи даму ерекшеліктерін ашу (XVIII - ХХ ғғ. басы);
- Кеңестік әкімшілік-басшылық жүйе құрамындағы Қазақстанның рөліне объективті баға беру;
- Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік даму стратегиясына, қазақстандық қоғамды демократияландыру ерекшеліктеріне талдау жасау.
🏛️ Пән бойынша оқыту нәтижелері:
- Қазақстанның көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихын жалпы, арнайы және жеке, нақты фактілер мен әлемдік дамудың тұтас бейнесінің бірлігінде көрсету;
- Қазақстанның өткен және қазіргі қоғамдық құбылыстарының көп өлшемділігіне, тарихи үдерістердің қарама-қайшылығы мен диалектикалық түсінігіне талдау жасау;
- Алуан түрлі тарихи және қазіргі заманғы дереккөздердің ақпаратын жан-жақты, сыни тұрғыдан талдау, өткен және қазіргі кездегі қоғамдық даму мәселелерін өз бетінше, шығармашылық тұрғыдан түсіну қабілетін дамыту;
- Отандық және дүниежүзілік тарих пен мәдениетке деген құрметін, материалдық және рухани мәдениет саласында өз республикасының және адамзаттың мұрасын сақтауға және көбейтуге ұмтылысын дамыту.
🏛️ Пререквизиттер: осы пәнді меңгеру үшін келесі пәндерден алған білім, білік және дағдысы қажет: «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» (мектеп бағдарламасы).
🏛️ Постреквизиттер: пәнді оқу кезінде алынған білім, білік және дағды келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: «Философия», «Әлеуметтік-саяси білім модулі (Психология. Мәдениеттану. Әлеуметтану және саясаттану», «Экономикалық, құқықтық және экологиялық білім модулі (Экономика, кәсіпкерлік және құқық негіздері, экология және тіршілік қауіпсіздігі)».
🏛️ Еңбек сыйымдылығы, академиялық кредиттер: 5
🏛️ Курс деңгейі: орташа