Онлайн курс

Современные достижения биотехнологии
🥼ЖАОК сипаттамасы - Дүние жүзінде биотехнологияның рөлі. Жаңа биотехнологиялық препараттар мен өнімдер нарығы. Биотехнология саласындағы жаңа жетістіктер. Биотехнологиядағы инновациялар: Технологияларды коммерцияландыру және беру процедурасы. Биотехнологияға жаңа ағзаларды құрудың жалпы принциптері. Молекулалық клондауға арналған рестриктаздар және басқа ферменттер.
🥼Оқудың мақсаты: Биотехнология саласындағы ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі бағыты туралы жүйелік білімді қалыптастыру
🥼Оқудың міндеттері:
Студент клеткалық және гендік инженерия, молекулалық әдістермен керекті жаңа белгілері бар клеткалар мен организмдерді жасаудың жолы болып табылатын қазіргі заман талабына сәйкес биотехнологиялық әдістерді білуге міндетті;
- студент жаңа белгілері бар клеткалар мен организмдерді алу үшін пайдаланудың биотехнологиянық теориялық және әдістемелік негіздерін, клеткалық селекцияны, клеткалық және гендік инженерияны, гендерді сақтау әдістерін білуге міндетті;
- зертханалық сабақтардың барысында студент қоректік орталарды дайындау, ламинар боксте жұмыс істеу, бастапқы өсімдік материалдарын залалсыздандыру, одан эксплантты бөліп алу, оларды қоректік орталарда өсіру тәсілдерін үйренуі қажет;
- студент осы пәннен алған білімін дұрыс және еркін жеткізе алатын болу керек және өзінің мамандығына сәйкес дайындығын толықтыру үшін практикада пайдалана білуі керек.
🥼Оқу нәтижелері:
-биотехнологиядағы заманауи жетістіктерді атайды;
-биотехнологияның әдістері, нысандары және мен мақсатты өнімдерін сипаттайды;
-технологиялық бақылауды дамыту және соңғы өнімнің сапасын бағалаудың қазіргі тенденцияларын сипаттайды;
-ғылыми әзірлемелер, өндірістік тұжырымдамалар және -теориялық аспектілері туралы пайымдайды;
-биотехнологияда шешімдерді жобалауда пәнаралық тәсілдерді қолданады.
🥼Пререквизиттер. Осы ЖАОК - ты игеру үшін келесі курстарды оқып-үйрену кезінде алған білім, білік және дағдылар қажет: Өндірістік биотехнология
🥼Постреквизиттер. Жоқ
🥼Академиялық кредиттердің саны – 5 кредит
🥼Курстың күрделілік деңгейі: жоғары