Онлайн курс

Микробиология
🧬Оқудың мақсаты: Микробиологиялық зерттеулердің теориялық және практикалық білімді қалыптастыру және әртүрлі ортада өмір сүретін тірі ағзалардың микрофлорасын талдау әдістерін игеру.
🧬Оқудың міндеті: студенттерге микроорганизмдердің әртүрлі топтары морфологиясының физиологиясының, генетикасының ерекшеліктерін және олардың биохимиялық үрдістерге қатысуы туралы түсінік беру; - азық-түлік өнімдерінің микрофлорасы, санитарлық-көрсеткішті микрофлора және тамақтан улануды тудыратын микрофлора туралы негізгі білімді қалыптастыру; - ет және балық өнімдерінің микрофлорасын талдау; - тағам өнімдерінің қауіпсіздігін бақылаудағы микробиологиялық көрсеткіштерін тексеру білімін қалыптастыру; - сынақ хаттамаларын дұрыс дайындауға және нормативтік құжаттаманы сауатты оқуға үйрету.
🧬Оқу нәтижелері:
- бактериялардың және олардың негізгі формалары мен өлшемдерін, физиологиялық және биохимиялық қасиеттері сипаттайды;
- бактериялар мен вирустардың құрылымын және оларды ұйымдастырудың ерекшеліктерін сипаттайды;
- микроорганизмдерді зерттеудің негізгі әдістерін қолдана алады;
- күрделі және сараланған әдістердің технологияларын қолдана отырып микроорганизмдердің боялуын анықтай алады;
- өнеркәсіптік тамақ өнімдерінде қолданылатын микроорганизмдерді талдай алады;
- өсірудің негізгі әдістерін сипаттайды.
🧬Пререквизиттер. бейорганикалық химия, аналитикалық химия
🧬Постреквизиттер. Тағамдық микробиология, Тамақ өнеркәсібіндегі санитария және гигиена, Ауылшаруашылық жануарлардың анатомиясы мен гистологиясы, Мал шаруашылығы негіздері және шикізат өндірісі, Шикізатты жинаудан кейінгі технологиялар.
🧬Академиялық кредиттердің саны/ЖАОК ұзақтығы: Академиялық сабақтар-150 сағат, дәріс-15 сағат, лабораториялық сағаттар- 30, БОӨЖ-15, БӨЖ-90
🧬Курстың қиындық деңгейі: бастауыш, орта және жоғары