Онлайн курс

Физическая и коллоидная химия
🧬Оқу мақсаты: Физикалық және химиялық процестердің заңдылықтары және дисперсті жүйелердің қасиеттері туралы негізгі білімді қалыптастыру
🧬Оқу міндеттері: - студенттерде физико-химиялық үрдістердің жүру заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру; - термодинамиканың негізгі түсініктері мен заңдылықтары туралы білім беру; - сұйытылған ерітінділердің қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру; - электролит ерітінділерінің термодинамикасы, ерітінділердің рН-ын өлшеу әдістері ерітінділердің қасиеттері туралы түсінік беру; - электрохимияның негізгі түсініктері мен әдістері туралы түсінік қалыптастыру; химиялық реакцияның кинетикасы және катализ туралы түсінік беру; - дисперстік жүйелер мен беттік құбылыстар туралы түсінік қалыптастыру; - физико- химиялық өлшеу әдістерімен таныстыру.
🧬Оқыту нәтижелері - молекулалар мен заттардың құрылымының олардың физикалық-химиялық қасиеттеріне әсерін және молекулааралық әсерлесу түрлерін түсіндіреді; - физикалық-химиялық процестердің термодинамикалық және кинетикалық параметрлерін, ерітінділердегі және электрохимиялық жүйелердегі фазалық және химиялық тепе-теңдік шарттарын анықтайды ; - коллоидты дисперстік жүйелердің физика-химиялық (молекулалық-кинетикалық, оптикалық, электрокинетикалық, құрылымдық-механикалық) қасиеттерін түсіндіреді; - «Физикалық және коллоидтық химия» пәні бойынша есептеу-теориялық сипаттағы есептерді шешеді; - химиялық заттармен және зертханалық аспаптармен жұмыс істейді.
🧬Пререквизиты. Осы ЖАОК-ты меңгеру үшін келесі курстарды оқу кезінде алған білім, біліктіліктер мен дағдылар қажет: Бейорганикалық және органикалық химия
🧬Постреквизиты. MOOC оқудан алынған білім, біліктіліктен мен дағдылар келесі курстарды меңгеру үшін қажет: Биохимия.
🧬Академиялық кредит саны – 5 кредит.
🧬Курстың күрделілік деңгейі: орташа.
- Просмотреть
- Просмотреть
- Просмотреть