Онлайн курс

Экономика и организация производства
📉Оқу пәнінің сипаттамасы: «Экономика және өндірісті ұйымдастыру» пәні кәсіпорындардың өндірістікшаруашылық қызметін және олардың даму заңдылықтарын зерттейді. Сала және салалық құрылым ұғымы, құрылымдық саясат, саланың сипаттамасы, тамақ өндірісі кәсіпорындарының қалыптасуының негізгі кезеңдері, нарықтық жағдайларда дамудың экономикалық алғышарттары; негізгі және айналым қаражаты, шикізат және басқа да материалдық ресурстар, персонал және т. б.; өнімнің өзіндік құны, өндіріс шығындары, өндіріс және сату көлемі; саладағы өндірістің тиімділігі; ұйымдық-құқықтық өндірісті ұйымдастыру нысандары.
📉Пәнді оқыту мақсаты: студенттерге өндіріс экономикасы саласындағы экономикалық білім мен дағдылардың негіздерін беру. Білім алушыларда кәсіпорын экономикасы туралы тұтас түсінікті, студенттердің жүйелі экономикалық ойлау қабілетін қалыптастыру, кешенді экономикалық есептерді шешуге үйрету, экономикалық есептерді жүргізу дағдыларын қалыптастыру және оларды басқарушылық шешімдерді қабылдауға негіздеу үшін пайдалану.
📉Пәнді оқыту міндеттері: - өндіріс экономикасы бойынша қажетті білім алу; - ресурстарды тиімді пайдалану, еңбекті ұйымдастыру және өндірістік үдерісті жоспарлау принциптерін зерттеу; - студенттердің кәсіпорын жұмысының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу әдістемесін меңгеруі; - студенттерді тамақ кәсіпорындарының барлық буындарының тиімді жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудың ең заманауи әдістері туралы біліммен қамтамасыз ету; - тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмыс істеу ерекшеліктері туралы білім алу.
📉Пән бойынша оқыту нәтижелері: - кәсіпорынның әлеуетін, оның инвестициялық тартымдылығын бағалау үшін экономикалық көрсеткіштер жүйесін пайдаланады; - өнімнің өзіндік құнын, өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын, шығындар сметасын есептейді - кәсіпорын ресурстарын пайдаланудың тиімділігін есептейді, талдайды; - кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін есептейді; - кәсіпорынның даму стратегиясын әзірлейді.
📉Пәннің пререквизиттері: Бұл пәнді игеру үшін келесі пәндерді оқу кезінде алынған білім, біліктілік және дағды қажет: Экономикалық-құқықтық және экологиялық білім модулі (Экономика, кәсіпкерлік және құқық негіздері, экология және тіршілік қауіпсіздігі), экономика негіздері)
📉Пәннің постреквизиттері: Пәнді оқу барысында алынған білім, білік және дағдылар келесі пәндерді игеру үшін қажет: бітірушінің біліктілік (дипломдық)жұмысы
📉Академиялық кредиттердің саны-5
📉Курстың күрделілік деңгейі: жоғары