Цифрлық білім беру ресурсы

Мехатронды модульдердің, роботтардың бөлшектері және оларды құрастыру
🤖🔧 Пәнді оқу мақсаты: мехатрондық модульдердің механизмдерін, роботтар мен робототехникалық кешендерді құрастыру және жобалаудың теориялық негіздерін оқып үйрену.
🤖🔧 Пәнді оқу міндеттері:
- конструкциялық элементтер мен механизмдерді жобалау және құрастыру принциптерін оқу;
- мехатроника мен робототехниканың типтік өнімдерін есептеу модельдері мен алгоритмдерін қарастыру;
- болашақ мамандықты ескере отырып, нақты инженерлік есептерге механика әдістерін қолдану ерекшеліктерін қарастыру.
🤖🔧 Пән бойынша оқыту нәтижелері:
- машиналар мен механизмдерді жобалаудың негізгі әдістері мен жағдайларын қолданады; - робот бөлшектерінің мәні мен мағынасын түсіне отырып, негізгі механикалық шамаларды анықтайды;
- теориялық талдау мен тәжірибелік жобалау тәжірибесінің нәтижелерін қорытындылайтын нақты инженерлік шешімдерді әзірлейді;
- сәйкес теориялық аппаратты пайдалана отырып, механикалық құбылыстарды түсіндіреді; механиканың маңызды теоремаларын және олардың салдарын пайдалана отырып, механикалық жүйелердің сипаттамаларын түсіндіреді;
- механикалық шамалардың өлшемдерін және олардың математикалық табиғатын ескере отырып, механикалық жүйелердің әрекетін сипаттайтын теңдеулерді құрастырады;
- жобаланған бұйымның бөлшектері мен тораптарының істен шығуының ықтимал түрлерін түсінеді және бағалайды;
- машина бөлшектері мен тораптарының беріктігін есептеу әдістерін машиналар мен құрылымдарды жобалау кезінде тікелей қолдануға қарапайым және ыңғайлы формада қолданады;
- ғылыми-техникалық ақпаратты іздеу жүргізеді және талдайды;
- техникалық жүйелердің математикалық және механикалық модельдерін құру және зерттеу дағдыларын кеңейтеді;
- машиналар мен конструкцияларды жобалау саласындағы терминологияны қолданады.
🤖🔧 Пререквизиттер: Оқылатын пәнді меңгеру үшін қажетті білім, шеберлік және дағдылары бар пәндер көрсетіледі: Инженерлік және компьютерлік графика.
🤖🔧 Постреквизиттер: Осы пәнді оқыту аяқталғаннан кейін игерілетін білім, шеберлік және дағды талап етілетін пәндер көрсетіледі: Роботтардың кинематикасы мен динамикасы.
🤖🔧 Еңбек сыйымдылығы, академиялық кредиттер: 4
🤖🔧 Курс деңгейі: орташа