Онлайн курс

Фитобиотехнология
Пәнді оқу мақсаты: Өнеркәсіп өндірісінде өсімдік нысандарын пайдалану түсінігін қалыптастыру.
Пән бойынша оқыту нәтижелері:
-invitro жасушаларының морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерін ажыратады;
-эксперименттік морфогенез механизмдерін түсіндіреді
-биотехнологиялық жолмен алынған өсімдіктерді интродукциялау нәтижесін болжайды;
-ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі мен тұрақтылығын арттыру үшін биотехнологиялық әдістерді негіздейді;
-жасанды қоректік ортада дәрілік өсімдіктердің жасушаларын өсіреді.
-жоғары сапалы отырғызу материалын алу және өсімдіктердің құнды түрлерін сақтау үшін микроклоналды көбею әдістерін қолданады.
Пәнді оқу міндеттері: Биотехнологиялық процестерді жүзеге асырудың жалпы принциптері, жасушалық инженерия, өсімдік жасушаларын өсіру, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктердің микроклоналды көбеюі, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер банкін құру, оларды типтік мекендейтін жерлерге реинтродукциялау, гендік инженерия, өсімдіктердің генетикалық трансформациясы, биотехнология әдістерін қолданып, дәрі-дәрмектер жасау.
Пререквизиттер: Өсімдіктер физиологиясы.
Постреквизиттер: Нанотехнология негіздері бар өсімдіктердің жасушалық биотехнологиясы.
Академиялық кредиттердің саны/ЖАОК ұзақтығы 5 кредит
Курстың күрделілік деңгейі: бастауыш, орта, жоғары Орта
- View