Цифрлық білім беру ресурсы

Жоғары математика
📚 Пәнді оқу мақсаты: қолданбалы есептерді шешуде жоғары математика білімін және математикалық талдау қабілетін қалыптастыру.
📚 Пәнді оқу міндеттері:
- сызықтық және векторлық алгебраның, математикалық талдаудың, қатар теориясының, ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың негізгі түсініктері мен әдістерін оқып үйрену;
- нақты есептерді шешудің тәжірибелік дағдыларын игеру.
📚 Пән бойынша оқыту нәтижелері:
- сызықтық және векторлық алгебраның, математикалық талдаудың, қатар теориясының негізгі ұғымдары мен әдістерін анықтайды;
- практикалық есептерді шешу үшін ықтималдық модельдерін және математикалық статистика әдістерін құру тәсілдерін қолданады;
- бір немесе көп айнымалы функцияның дифференциалдық және интегралдық есептеулерін шешеді;
- практикалық есептерді шешу үшін математикалық әдісті таңдайды.
📚 Пререквизиттер: берілген пәнді игеру үшін келесі пәндерді оқудағы білімдері, біліктіліктері және дағдылары қажет: -
📚 Постреквизиттер: осы пәнді оқыту аяқталғаннан кейін игерілетін білім, шеберлік және дағды талап етілетін пәндер көрсетіледі: Физикалық химия.
📚 Еңбек сыйымдылығы, академиялық кредиттер: 5
📚 Курс деңгейі: орташа