Topic outline
Физико-химические и биохимические основы переработки пищевого сырья

Физико-химические и биохимические основы переработки пищевого сырья
Оқыту пәнінің сипаттамасы: «Тамақ шикізатын өңдеудің физика- химиялық және биохимиялық негіздері» пәні консерві өндірісі үшін өсімдік және жануар тектес шикізаттың химиялық құрамы, тағамдық және биологиялық құндылығы, құрылымы, технологиялық жарамдылығын, өсімдік және жануар тектес шикізатты қайта өңдеу кезіндегі химиялық, физика-химиялық, биохимиялық және микробиологиялық процестер ағымының заңдылықтарын карастырады. Консервілеу өнеркәсібіндегі қайта өңдеу технологиясының ғылыми негіздерін сипаттайды.
Пәнді оқыту мақсаты:
- тамақ шикізатының физика-химиялық құрамы туралы;
- шикізатты дайын өнімдерге өңдеу кезінде болатын физика-химиялық процестердің жалпы заңдылықтары туралы білімді қалыптастыру.Пәнді оқыту міндеттері:
- тамақ шикізатының химиялық құрамы мен құрылымын зерттеуге үйрету;
- шикізатты өңдеу кезіндегі физика-химиялық, биохимиялық және микробиологиялық процестерді талдауды дамыту;
- консерві өндірісінде шикізатты өңдеу технологиясын қолдану дағдыларын қалыптастыру;
- алынған білімді тәжірибелік есептер мен зертханалық жұмыстарда пайдалана білу.
Пән бойынша оқыту нәтижелері:
- тамақ өнеркәсібінде шикізатты оңдеу технологиясының теориялық негіздерін біледі;
- өсімдік және жануар тектес шикізаттың химиялық құрамын, тағамдық және биологиялық құндылығын, технологиялық жарамдылығын сипаттайды;
- өсімдіктер мен жануарлардан алынатын шикізатты өңдеу кезіндегі химиялық, физика-химиялық, биохимиялық және микробиологиялық процестердің жүру заңдылықтарын түсіндіреді.Пререквизиттер: Аналитикалык жэне физколлоидты химия.
Постреквизиттер: Консервшенген ешмдер технологиясы.
Общая технология пищевых производств

Общая технология пищевых производств
Пәннің қысқаша сипаттамасы: пән тамақ өнеркәсібінің әртүрлі салаларына арналған арнайы технологиялардың негіздерін қамтиды. Жануар және өсімдік текті шикізаттан тамақ өнімдерін өндірудің технологиялық схемалары қарастырылады. Атап айтқанда, ет және балық өнімдері, сүт және сүт өнімдері, өсімдік майлары, ұн, жарма, макарон, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, қант, крахмал өнімдері, жеміс-көкөніс консервілері, тағамдық концентраттар өндірісінің ерекшеліктері зерттеледі.
Пәнді оқыту мақсаты: жануар және өсімдік шикізатынан әртүрлі тамақ өнімдерін өндірудің жалпы технологиялық схемаларын құрастыру бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру.
Пәнді оқыту міндеттері:
- өсімдік текті шикізаттан алынатын өнімдер технологиясын меңгеру (ұн, жарма, нан, макарон, қант, кондитер өнімдері, өсімдік майлары, консервілер, крахмал өнімдері және т.б.);
- жануар текті шикізаттан алынатын өнімдер технологиясын зерттеу (ет, балық, сүт, жұмыртқа өнімдері және т.б.);
- әртүрлі тамақ өнімдерінің өндірістік технологиялық процестерін талдау;
- тағам өнімдерін өндірудің технологиялық схемаларын құрастыру дағдыларын қалыптастыру;
- нормативтік құжаттар мен стандарттарды қолдану негіздерін меңгеру.Пән бойынша оқыту нәтижелері:
- тамақ өнеркәсібі мен қоғамдық тамақтану саласының қазіргі жағдайын сипаттайды;
- тамақ өнеркәсібі салаларын жүйелейді;
- әртүрлі тамақ өнімдерін өндіру технологиялары бойынша білімін көрсетеді;
- нақты өнім түріне арналған шикізатты сипаттайды;
- технологиялық процестердің кезеңдерін анықтайды;
- тамақ өнімдерін өндірудің технологиялық сызбасын құрастырады;
- өндірісте нормативтік құжаттар мен ережелерді қолданады.Пререквизиттер: тамақ өнімдері технологиясының теориялық негіздері
Постреквизиттер: балық өнімдерінің технологиясы, сүт консервілері мен балалар тағамдарының технологиясы, тағамдық концентраттар технологиясы, арнайы мақсаттағы өнімдердің технологиясы.